Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жексенбілік жарыс

Жексенбілік жарыс

Осы сенбіде Жұбанов  университетінде ARSU LEAGUE студенттік футбол лигасының ашылу салтанаты өтті.  Оған университеттің  факультеттері мен Жоғары колледжінен 13 команда қатысты.

ARSU LEAGUE екінші маусымын ашқан Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Нұржан Бердыбаев спортшыларға сәттілік пен тамаша ойын тіледі.  Кездесуде MASTERS, ATHLETIC, THE SITKH, LEADER, COLLEGE, PTF EMPIRE командалары бір-бірінен  аспаса кем түспеді.  Ойындар апта сайын 2020 жылдың сәуіріне дейін жалғасады.

Еске салайық, студенттік футбол  лигасы 2018 жылдың қаңтар айында құрылды. Олар студенттік және қалалық спорт түрлерінде танымал болды.

Сонымен қатар, демалыс күндері «TAU 400» атты биіктікке жүгіру  жарысы өтті. Дәстүрлі қалалық жарыста Жұбанов университетінің  оқытушылары мен студенттері өздерін жақсы көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1-курс студенті Гульфина Гатаулина 3 орынға және 3-курс студенті Нұржауған Сәттіғалиева 2 орынға ие болды. 46 жастан жоғары  жүгіруден ерлер арасында оқытушылар Шыңғыс Төлеуов  2 орынды иеленсе,  ал 36-45 жас санатында Айбек Ғабдуллин үздік болып, алтынды еншіледі.

Құттықтаймыз!