Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбановтар мерейтойы аталып өтті

Жұбановтар мерейтойы аталып өтті

Биыл әкелі-балалы қос  ғалым Құдайберген Жұбановқа 120, ұлы Есет Жұбановқа 90 жыл. Бүтін бір ұлттық бетке ұстары болған әулеттің аты осындай ұлықтаушылары барда өшпейді,-дейді жиналғандар. Бүгін ғалым атын иеленген өңірлі университетте халықаралық деңгейде пленарлық мәжіліс өтті. Есет Жұбанов атындағы конференц-зал ашылды. Құдайберген Жұбановтың толық шығармалар жинағы да бүгін оқырман қолына жетті. Шара қонақтары алдымен университет кинотеатрында мерейтой иелері туралы деректі фильмді көрді. 16 елден келген суретшілердің «Қ. Жұбанов әлемі» атты  көрме галереясын тамашалап, ғалым еңбектері топтастырылған кітаптардың тұсауын кесті. 1937 жыл 13 қараша. Дәл осы уақытта дүниеге келген Асқар Жұбанов үшін қасіретті күн. Өйткені, әкесі Құдайберген Жұбановты НКВД қзызметкерлері тұтқынға алды. Сол кеткеннен Қ. Жұбанов «халық жауы» атанып,  20 жылдан соң ғана ақталды. Шара соңы »Жұбанов тағылымы» атты дәстүрлі халықаралық конференциямен жалғасты. Дәстүрлі пленарлық мәжіліс биылдыққа оныншы  мәрте өткізіліп отыр.

Азамат Әбілқайыр

https://aktobetv.kz/kz/news/society/zhubanovtar-mereitoiy-atalyp-otti?_utl_t=fb&fbclid=IwAR2EZgqAay-QH_ly0_YftrjLomLVBFTaMKJUcahmoxD3jdsIV3t_2MpOkfg