Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде ғалым Құдайберген Жұбановтың 120 жылдығы атап өтілді

Ақтөбеде ғалым Құдайберген Жұбановтың 120 жылдығы атап өтілді

Ақтөбеде қазақ филологиясының тұңғыш профессоры, ағартушы-ғалым Құдайберген Жұбановтың 120 жылдығы аталып өтті.

Сондай ақ биыл қоғам қайраткерінің ұлы, әдебиетші Есет Жұбановқа да 90 жыл. Өңірлік мемлекеттік университет қабырғасында ұйымдастырылған айтулы шара ұлтымыздың біртуар азаматының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Жазықсыз жала жабылып, Сталиндік қуғынның құрбаны болған жан туралы түсірілген деректі фильм көрсетілді. Қазақ тілінің ғылыми-теориялық негізін қалаған Құдайберген Жұбановтың бұрын-соңды жарық көрмеген еңбектері де баспадан шыққан. Қазақ тілінің теориялық ережелері жинағы «Жұбановтар тағылымы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы қатысушыларына таныстырылды.

Айта кету керек, «Халық жауы» аталып, абақтыға жабылған азаматтың көптеген еңбектері беймәлім күйінде қалған. Сондықтан ғалымның ұрпақтары мен жұбановтанушылар әлі күнге дейін ізденіс үстінде.

Асқар Жұбанов, филология ғылымдарының докторы, Қ. Жұбановтың ұлы:

— Он сериямен баспаға тапсырған екен кітабын. сол қазір қолдағы  бар «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» дегені сол онның екі ақ сериясы екен. сегіз сериясының аты бар, заты бар, не жалы екендігінің бәрі бар да, өзі жоқ. сол жаңағы «Халық жауы» деп соттаған кезде оның да көзін құртып жіберген.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/350410-a-t-bede-alym-dajbergen-zh-banovty-120-zhyldy-y-atap-tildi