Понедельник, Июнь 1, 2020
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті акцияны қолдайды

Жұбанов университеті акцияны қолдайды

Жұбанов университеті Nur Otan партиясының бастамасымен «Менің Туым, Менің Отаным!» патриоттық акциясы аясын­да республика бойынша Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімдерін  өткізуге атсалысты.

«Менің туым, менің Отаным!» патриоттық акциясының мақсаты – мем­­лекеттік туды насихаттау жә­не қазақ­стандық жастарды па­трио­ти­з­м­ге тәрбиелеу болып табылады. Патриоттық акцияның негізгі мақсаты — мемлекеттік туды қоғамдық орындарда, туристік нысандарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында тұрақты орналастыру.

Мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау және студенттер арасында патриоттық сезімді қалыптастыруда Жұбанов университетінің факультеттерінде мемлекеттік тулар ілінді. «Біз студенттеріміздің күн сайын барлық оқу ғимараттарында мемлекеттік ту көтеріліп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, нағыз патриоттар сияқты сезінулерін қалаймыз», — дейді,  университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұржан Бердыбаев. Университет проректорының айтуынша, азаматтардың мемлекеттік туды пайдалануға және орнатуға тыйым салу туралы қоғамда стереотипті жоюға көмектеседі.

Айта кетейік, акция аясында өткізілетін барлық іс-шаралардың идеологиясы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін әзірлеу мен бекітуге қосқан үлесінің маңыздылығына незігізделген.