Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Тарих факультетінің студенттері Ерлан Каринмен кездесті

Тарих факультетінің студенттері Ерлан Каринмен кездесті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындауға бағытталған «Туған жер» форумы аясында Жұбанов Университетінде өткен бірқатар шараларға орай тарих факультетінің студенттері «Қазақстан» РТК» АҚ Басқармасының төрағасы Карин Ерлан Тынымбайұлымен кездесті.

Ерлан Тынымбайұлы университетіміздің тарих факультетінің түлегі. Студенттер «Жұлдызды түлекпен» кездесу барысында көптеген көкейде жүрген сұрақтарын қойып, мазмұнды, мағыналы әңгіменің куәсі болды.  Бірлігі бекем ел болуды мақсат тұтқан, татулықты ту еткен еліміздің бетке ұстар азаматтары қатарынан табылатын Ерлан ағаларының ақыл-кеңестерін тыңдау, онымен жүздесіп, өнеге алу жастар үшін үлкен тәрбиелік сабақ болды.