Пятница, Ноябрь 15, 2019
Басты > Жаңалықтар > Ресейлік ғалым дәріс оқыды

Ресейлік ғалым дәріс оқыды

Үстіміздегі жылдың қазан айының 21-і мен 1-і қараша айы аралығында Жұбанов университетінің филология факультетінде халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында филология ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті Людмила Владимировна Балахонская дәріс берді.

Людмила Балахонская аталмыш университттің журналистика және бұқаралық коммуникацияның Жоғары мектебінің бизнстегі қоғаммен жұмыс кафедрасында жұмыс істейді. Оның ғылыми қызығушылықтары: «Корпоративтік және тауарлық неймингтің өзекті мәселелері», «Спичрайтинг», «Тілдік конфликтология», «Медиатексттегі тілдік агрессия», «Медиатексттегі тілдік әсер ету және манипуляция», «Жарнама және PR мәтіндерін өңдеу», «Заманауи жарнаманың тілі мен стилі».

Университеттегі сапары барысында шетелдік ғалым «Психолингвистика» пәні бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттеріне дәрістік және практикалық сабақтарын өткізді.

Сондай-ақ,  филология факультетінде шетелдік ғалым   «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандықтарының 3,4-курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында ғалым өзінің ғылыми қызметінің бағыты мен филология саласындағы жетістіктері жайында баяндап берді. Сонымен қатар Людмила Балахонская ресейлік білімнің ерекшеліктері мен қазақстандықтардың Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде білім алу мүмкіншіліктері туралы сөз етті.