Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дөңгелек үстелде бас қосты

Дөңгелек үстелде бас қосты

Жұбанов университетінің Тарих факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы  Ардахан университетінің (Түркия) профессоры,  PhD доктор Самет Азаппен кездесті.

Дөңгелек үстел барысында білім беру жүйесіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар, ғылыми жобалар, мақалалар, білім беру әдіс-тәсілдері, кітап мәселелері, профессорлық-оқытушылық құрамның тәжірибе алмасуы сынды тақырыптар  сөз  болды. Басқосуда  Түркия ғалым Самет Азап  Жұбанов университетінің оқытушылары мен студенттеріне Түрік мемлекетінің тарихы мен әдебиеті жайында баяндады.

Кездесу барысында университеттің «ҚХА әлеуметтік пәндер» кафедрасының оқытушысы, доцент Балжан Хамидуллина  алдағы жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Анкара университетінде дәріс оқуға баратындығы туралы да тілге тиек етті.

Факультет оқытушылары шетелдік ғалымға сұрақтарын қойып, ғалыммен пікір алмасты. Соңы пікірталасқа ұласқан дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Сөз соңында профессор Самет Азап жылы шыраймен қарсы алған әріптестеріне ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Түркияның достық қарым-қатынастарын нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

 

Тарих факультеті