Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік ғалым тәжірибесімен бөлісті

Шетелдік ғалым тәжірибесімен бөлісті

Жұбанов университетінде Балтық халықаралық академиясының профессоры А.А.Машарский «Экономика және менеджмент» кафедрасы және экономика және құқық факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттарына  «Экономикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.

Семинар барысында шетел ғалымы экономикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде туындайтын әдіснамалық мәселелер туралы сөз қозғады.

Басқосуда профессор А.А.Машарский Латвия экономикасы мен бизнес-зерттеулерді басқарудағы мәселелерді шешу тәжірибесімен бөлісті.  6М050600 «Экономика», 6М050700 «Менеджмент» мамандықтарының магистранттарымен экономикалық зерттеулерді ұйымдастыру, статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу әдістері жөнінде сұрақтар қойылып, тыңдаушылар Латвия экономикасының, кәсіпкерліктің және қаржы нарығының дамуына қызығушылықтарын танытты.

 

                                                              Мақсат Шакибаев

экономика және құқық факультеті