Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құрметті Бауыржан Аманкелдіұлы!

Құрметті Бауыржан Аманкелдіұлы!

Сіздің «Семей» мемлекеттік университетін бітіріп, еңбек жолыңызды оқытушы қызметінен бастап, ұлағатты ұстаз, шет алыс елдерде танымал ғылым докторы дәрежесіне дейін өсіп, елімізге білім саласынан ғалым-педагог мамандар дайындау ісіне қомақты үлес қосқаныңыз белгілі. Ал, бүгінгі күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін басқаруыңыз соның дәлелі болып отыр. Жеті ай бұрын Сіз мемлекетіміздегі көп салалы университеттердің бірін басқаруға келдіңіз. Осы аз уақыт ішінде Сіз оқу үдерісінің тиімділігіне, университетіміздің материалдық-техникалық базасының нығаюына үлес қостыңыз. Сіздің жетекшілігіңізбен соңғы аз ғана уақытта университет түбегейлі өзгеріп жаңа белеске көтерілді. Университет нық қадаммен жалпыұлттық, институтаралық және тәуелсіз рейтингтердің көшін бастап келеді. Сіз университеттің оқытушы-профессорлар құрамына жаңа бастама жасадыңыз, Сіздің басшылығыңызбен біз қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында ең алғашқы болып әлемнің үздік университеттер рейтингісіне енетіндігімізге сенімдіміз!

Сонымен қатар, Сізді әріптестеріңіз «іскер басшы», «филолог», «шебер ұйымдастырушы», «ұлтжанды азамат» ретінде бағалап, құрмет тұтады. Сіз адами, асыл қасиеттеріңізбен айналаңызға үнемі нұр шашып, мейірім нұрын төгіп келесіз. Бүгінгі ортаңыз Сіздің мол адамгершілік қасиеттеріңізді жоғары бағалайды.

Қадірлі Бауыржан Аманкелдіұлы!

Сізді туған күніңізбен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Өнегелі өмір жолыңыздың тағы бір биік белесіне көтеріліп, отандық білім, ғылым саласында айтулы жетістіктерге жеткен Сіздің адамгершілік қасиеттеріңіз бен біліктілігіңіз өзіңізден кейінгі ізденімпаз буынға үлгі екені сөзсіз. Сіз осы кемелдікке үлкен абырой, тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Азаматтық болмысыңыз бен бойыңыздағы күш-қуат арқылы алдағы уақытта да бағындыратын асуларыңызға талмай жететініңізге кәміл сенеміз.

Адал еңбекпен ұштасқан әр сәтіңіз қуаныш сыйлап, жемісті нәтижелерге қол жеткізетін әр жылыңыз жақсылыққа толсын! Осынау игілікті істе қанатыңыз талмай, қажыр-қайратыңыз қашан да арта бергей! Кішіге ілтипат, үлкенге ізеттік көрсете білетін қасиетіңіз кейінгі жас толқынға үлгі өнеге бола білсін! Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңыздың тірегі, әріптестеріңіздің сенімі, шәкірттеріңіздің ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін!