Пятница, Ноябрь 22, 2019
Басты > Жаңалықтар > «Super Qala Kz» музыкалық жобасына қатысады

«Super Qala Kz» музыкалық жобасына қатысады

Еуразия бірінші арнасы «Super Qala KZ» бірегей жобасының жаңа маусымын ұсынады. Жобаның мақсаты — еліміздің алыс-жақын қалаларында тұрып жатқан өнерлі адамдардың талантын халыққа танытып, ең үздік қаланы анықтау.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша,  Ақтөбе облысынан телевизиялық таланттар байқауына 300-ге жуық адам өтінім берген. Іріктеу нәтижесінде 10 қатысушы өтті, оның ішінде Жұбанов университетінің  Балалар университетінің жетекшісі Жамиля Идиева мен «Музыка және хореография» кафедрасының оқытушысы Мербол Құспанов бар.

Жоба аясында қатысушылар хореография мен вокалды үйренеді, қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарымен танысады және жұлдыздардың тәлімгерлерімен бірге үлкен сахнада өнер көрсетеді.

Жамиля Идиеваның айтуынша, ол алдымен өз қаласын таныстырады. «Мен жобаға жеңіске жетемін деген мақсатпен барамын. Бұл жоба  жұлдыздармен және   басқа да адамдармен қарым-қатынас орнатудың  бір мүмкіндігі деп ойлаймын», — деді ол.