Пятница, Ноябрь 22, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Жастармен кездесті

Жастармен кездесті

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев,  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Данияр  Есин және аймақ басшысы Оңдасын Оразалин ақтөбелік жастармен кездесті.

Жастар сарайының кіреберісінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті, суретші Айя Спамбетованың көрмесі ұйымдастырылыпты. Айя Спамбетова мүмкіндігінің шектеулі екендігіне қарамастан, өнерге шексіз ғашық. Сурет салуды жанындай жақсы көретін Айяның портрет жанрында 60-тан аса еңбегі бар. Студент Айяның есімі халықаралық дарынды балаларға арналған энциклопедия беттерінде жазулы тұр. Ал жас суретшінің анасы үнемі қызын қолдап, жанынан табылып, демеп отырады.

  • Облыстың бұрынғы басшысы Бердібек Сапарбаевтың Ақтөбеге келе жатқанын естіген сәтте оған өзінің қолынан келетін өнер туындысын сыйлауды ұйғарды. Сөйтіп, экс-әкімнің портретін салып, өзіне сыйға тартты, — дейді Айяның анасы.

Жиында мүмкіндігі шектеулі бола тұра  қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып  жүрген «Алаш» қоғамдық ұйымының төрағасы Әлібек Елеусізов, «Қызыл жарты ай» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының  координаторы Ералхан Дияров, жас кәсіпкер Абыз Берік және тағы да басқа  белсенді жастар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекет  тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, белсенді жастар замандастарын жалқаулықтан арылып, еңбек етуге, білім алып ізденуге шақырды.

Астаналық делегация облыс әкімдігінде қала, аудан әкімдерімен  кездесіп әлеуметтік еңбек саласына қатысты жиын өткізді. Үкімет басшысының орынбасары сенбі күнгі жұмыс сапарын  Мұз сарайында өткен Ақтөбе-Алматы хоккей командалары арасындағы тартысты ойынды тамашалаумен қорытындылады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

 https://aqtobegazeti.kz/?p=80703