Пятница, Ноябрь 22, 2019
Басты > Жаңалықтар > Ауқымды акцияға қосылды

Ауқымды акцияға қосылды

Ағымдағы жылдың 07 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында «Экономика және құқық» факультетінде «Экономика және менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен ШЖҚ «Ақтөбе облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКК қолдауымен «Бірге бәрін жеңеміз» атты облыстық кең ауқымды акция өткізілді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты Ақтөбе облысында АИТВ-инфекциясының таралу проблемасына жұртшылықтың назарын аудару, АИТВ-дан туындайтын аурудың таралуын шектеу болып табылады.

Жастар арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе қаласы мен Хромтау ауданының колледждері және жоғары оқу орындарының студенттері, Ақтөбе қаласы мен Қобда гимназиясының жоғары сынып оқушылары таңдалды.

Өткізілген акция түрлі форматтағы бірқатар іс-шараларды қамтыды: «Қоғамдастықтардың маңызы зор» тақырыбына арналған дөңгелек үстел, «Сен мұны білуі тиістісін» атты дәріс, оның шеңберінде «25 жыл есте сақтау және түсіну» фильмінің көрсетілімі, «Қауіпті-қауіпсіз» тренингі және «АИТВ туралы сұра» үгіт шатыры ұйымдастырылды.

Іс-шараның қонақтары «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы», «Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» МКК, №2 қалалық емхана, Ақтөбе облысының дәрігерлер мен провизорлар ассоциациясы ҚБ, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы, «Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ, «Сенім – Тірек» ҚБ, «Арасан-Ақтөбе» ЖШС, «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік медицина университеті», Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, МКҚК Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжі, дарынды балаларға арналған М. Құсайынов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Хромтау тау-кен техникалық колледжі, «Қобда гимназиясы» КММ, Ақтөбе медициналық колледжі, Қ.Жұбанов атындағы Жоғары колледжі сияқты мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен мамандары болды.

«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық орталығы «МКҚК өткізген «Өз статусыңды біл» жедел тестілеу-іс-шарасы ерекше назар аударуға тұрарлық.

Шынар Нургалиева