Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Латын әліпбиі — түркі дүниесінің бірлігі

Латын әліпбиі — түркі дүниесінің бірлігі

Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан секілді мемлекеттердің тәжірибесінен сәтті өткен латын негізді әліпбиге Қазақстан Республикасы 2025 жылы толық көшуді жоспарлап отыр.

Осы мәселеге  орай Түркия мемлекетіндегі Кастамону университетінің «Қазіргі түркі диалектілері және әдебиеті» кафедрасы мен Жұбанов университетінің «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының біріге өткізген «Латын әліпбиі – түркі дүниесінің бірлігі» тақырыбындағы халықаралық семинары көп сұраққа жауап алуға мүмкіндік берді.

Семинар барысында«Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының доцентері, филология ғылымдарының кандидаттары  Нұрбол Садуақас пен Бағила Мұратбек Кастамону университетінің «Қазіргі түркі диалектілері және әдебиеті» кафедрасының PhD докторы Самет Азап және «Филология» мамандығының 1-курс магистрі А.Зейноллаева көтерген мәселелер талқыға салынып, барлық озық технологиялардың тіліне айналған латын әліпбиіне көшуде елімізде ұсынылып отырған соңғы нұсқа жөнінде пікірлер айтылды.

 

Динара Бекниязова

филология факультеті