Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім алушылармен кездесті

Білім алушылармен кездесті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Жастар жылына арналған әлеуметтік жобасы аясында 2019 жылы 12-25 қараша аралығында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін-2050» жобасы шеңберінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерімен кездесулер өткізу жоспарланған болатын.

Аталған жоспар кестесіне сайкес, Жұбанов университетінің Кәсіби даму және мансап орталығының ұйымдастыруымен «Серпін-2050» жоба шеңберінде білім алушылар мен «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қауымдастырылған профессоры (of Associate Professor), PhD Мырзантай Қожабайұлы Жақыппен кездесу өткізілді.

Шараның мақсаты — «Серпін-2050» жобасы шеңберінде оқып жатқан студенттерге оқуды аяқтаған соң оқыған өңірінде кемінде үш жыл жұмыс істеу жөніндегі және басқа да құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру.

Шараға университеттен Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұржан Бердыбаев, Кәсіби даму және мансап орталығының жетекшісі Бақтыгүл Ертлеуова, жаратылыстану, тарих, физика-математика, техника факультеттерінің декан орынбасарлары мен оқытушылар, «Серпін-2050» жобасы шеңберінде оқып жатқан 1,2,3,4 курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында Мырзантай Жақып 9 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысымен оқып жатқан студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылғанын және  білім алушылардың міндеттері мен құқықтарына тоқталып, көкейтесті сұрақтарына жауап берді.