Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде педагогикалық кадрлар даярлау мәселесі талқыға түсті

Ақтөбеде педагогикалық кадрлар даярлау мәселесі талқыға түсті

Ақтөбеде педагогикалық кадрлар даярлау мәселесіне арналған республикалық жиын өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің әр аумағында орналасқан 30-дан аса жоғарғы оқу орнының ректорлары мен проректорлары және білім беру басқармаларының өкілдері саладағы өзекті мәселелерді талқылауда. Атап айтқанда, Назарбаев университеті тәжірибесін кеңінен қолдану, инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту, шағын жинақталған мектептерді мамандармен қамту кеңінен сөз болды. Соңғы аталған бағыт бүгінде өзекті боп тұр. Мәселен, отандық оқу орындары жыл сайын 35 мыңға жуық педагогикалық кадр даярлағанымен, ауыл-аймақтарда әлі де мұғалім тапшылығы сезіледі. Тек Ақтөбе облысындағы мектептерге 120 маман қажет боп тұр. Оның 52-сі шағын жинақты білім ұяларына керек. Негізінен математика, химия, физика және орыс тілі пәнінің мұғалімдері жетіспейді. Кеңес аясында бірнеше бағыт бойынша конференция да өткізілмек.

Бауыржан Ердембеков, Қ.Жұбанов атындағы ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің ректоры:

— Шағын қамтылған мектептердегі мәселе – кадрдың тапшылығы. Мәселен, география пәнін бітірген түлек, географиядан немесе математикадан, химиядан сабақ беруге барған кезде оған толық сағат жоқ. Толық сағат болмағаннан кейін оның табыс көзі аз. Сондықтан да ол ауылға дипломмен бармайды. Сол себепті біздің университетімізде қазір қосарланған мамандықтан ашылып жатыр. Сондықтан да біз сол жерде мамандарды сақтап қалуымыз керек.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/355804-a-t-bede-pedagogikaly-kadrlar-dayarlau-m-selesi-tal-y-a-t-sti