Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қарттар — тарих, қазына, ел қазығы

Қарттар — тарих, қазына, ел қазығы

«Қарты бар үйдің, хаты бар» деген қазақ халқында даналық сөз бар.  Саналы ғұмырларын «Отан» деп өткізіп, тынымсыз еңбектерімен  мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан ата-апаларымыздың еңбектері әркез ерекше құрметке лайық. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

Қарттар күніне орай жаратылыстану факультетінің биология мамандығының 106,302 тобымен және топ кураторлары Р.З.Қуанышева, А.С.Беркалиеваның  ұйымдастыруымен «Қарттар — тарих, қазына, ел қазығы» атты тәрбиелік шара өткізілді. Мерекелік шараға кафедрадағы ардагер ұстаздар И.М.Жолдасова, Р.Изимова, Р.П.Аманова, Р.С. Темиркулова, А.А.Базарғалиевалар сыйлы қонақ ретінде шақырылды.

Студенттер шарада ана, ұстаз тақырыбындағы әндерді шырқап, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.