Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тұңғыш Президенттің рөлі

Тұңғыш Президенттің рөлі

2019 жылдың 27 қарашасында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Тәуелсіздік және Елбасы тағылымы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Тарих факультетінің деканы, доцент Гүлмира Купенова , «ҚХА және ӘСП» кафедрасының меңгерушісі Үмбетхан Сарсембин , академик Амангелді Айталы, магистранттар, зерттеушілер, АӨМУ-нің жас ғалымдары мен студенттері қатысты. Іс-шара модераторы қызметін «Тарих және дінтану» кафедрасының меңгерушісі, доцент Гүлбану Избасарова атқарды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікірталас барысында тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының өзекті мәселелерін, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, қоғамның демократиялануы мен президенттік институттың нығаюындағы тарихи рөлін, халықты біріктіру үдерісіне, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, сол сияқты президенттің халыққа ұсынған жолдауларымен таныстырылды.

Профессор, академик, Амангелді Айталы баяндамасында: «Нұрсұлтан Назарбаев пен ресми және бейресми кездесулеріндегі сұхбатында айтылған тәуелсіз Қазақстанды құру барысындағы қиындықтары мен қызықты әңгімелерімен бөлісті. Сондай-ақ, іс-шарада «Тарих» мамандығының магистранттары Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала туралы баяндама оқыды. Сонымен қатар, магистранттар Қазақстанның жарқырай көрінген, халықаралық аренада табыстарға жетуіне, барлық қазақстандықтарға лайықты жағдай жасауына көмектескен Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттеріне және атқарылған әлеуметтік жобаларға тоқталды.

Қорытынды сөз, «ҚХА және ӘСП» кафедрасының меңгерушісі, Үмбетхан Сарсембин Елбасының бағдарламаларында ұдайы кездесіп отыратын ұлттық сананы жоғалтпау маселелерін ортаға қойып Гегель, Кант сияқты философтардың адамгершілік мәселесін алға тартты. Дөңгелек үстелге қатысушылар егеменді Қазақстанның табыстарымен байланысты адам ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — барлық қызметі өз халқы мен Отанына қызмет етудің үлгісі болып табылатын әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер деген тұжырымға келді.