Суббота, Декабрь 7, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Қазақстандық жүзгіштер Беларусьтегі турнирде төрт алтын жеңіп алды

Қазақстандық жүзгіштер Беларусьтегі турнирде төрт алтын жеңіп алды

Беларусь астанасы Минскте Олимпиада чемпионы Сергей Копляковтың жүлдесі үшін жүзуден халықаралық турнир басталды.

Жарысқа Қазақстан, Беларусь, Ресей, Польша және Германиядан, барлығы 720 спортшы қатысуда. Бәсекенің алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар төрт алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, Қорлан Әмірханова (50 метрге еркін әдіспен жүзу), София Әбубәкірова (200 метрге брасс әдісімен жүзу), Айбек Қамзенов (200 метрге брасс әдісімен жүзу) және Ксения Игнатовалар (400 метрге еркін әдіспен жүзу) алтын жүлдегер атанды. 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Алина Костенко мен Диана Тасмановалар сәйкесінше екінші және үшінші орын иеленді. 50 метрге еркін әдіспен жүзуден Михаил Царев күміс жүлде алса, Қаракөз Диниэль «қолаға» қол жеткізді. Жарыс әлі екі күнге созылады. Olympic.kz

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/357540-aza-standy-zh-zgishter-belarustegi-turnirde-t-rt-altyn-zhe-ip-aldy