Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өз тәжірибесімен бөлісті

Өз тәжірибесімен бөлісті

Жұбанов университетінің профессор Төлеген Ботағариев Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қаласы, Ресей) «Адам денсаулығының психологиялық-педагогикалық және медициналық-биологиялық мәселелері» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияда  «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессоры Төлеген Ботағариев  «Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттерімен оқу үрдісінде инновациялық технологияларды жүзеге асыру тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жиынға  Моңғолия, Белоруссия, Украина, Ресей, Польша ғалымдары да қатысты. Конференцияға қатысушы ғалымдар медициналық-биологиялық және психологиялық-педагогикалық сипаттағы ЖОО мәселелерін зерттеу бойынша тәжірибе алмасты.

Конференцияға қатысушыларды ұйымдастырушылар Барнаул қаласының көрікті жерлерімен, ғылыми зертханалармен, тарихи мұражайлармен таныстырды.

Халықаралық конференциялар, онлайн-семинарлар, бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу жоспарында жоғары оқу орындарының одан әрі ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар қабылданды.