Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбелік медицина және білім беру ұйымдарының 40 қызметкеріне пәтер кілті табыс етілді

Ақтөбелік медицина және білім беру ұйымдарының 40 қызметкеріне пәтер кілті табыс етілді

Мереке күні ақтөбелік медицина және білім беру ұйымдарының өкілдері де қуанышқа бөленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос саланың 40 қызметкеріне жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген баспаналар қаланың жаңа шағын ауданында орналасқан. Үйлі болғандардың 17-сі – Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің қызметкері, қалғаны медициналық оқу орнының оқытушылары мен ғалымдары. Биыл қала бойынша 800 тұрғын «Нұрлы жер» ал 500-ден астам азамат «Бақытты отбасы» бағдарламалары аясында баспаналы болған.

Самат Жекеев, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқытушысы:

– Осындай үлкен көмек көрсетіп, баспана алуға себепші болып отырған барлығына алғысымды білдіремін. Қуаныштымыз. Отбасым да, өзім де бақыттымын.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/358314-a-t-belik-meditsina-zh-ne-bilim-beru-jymdaryny-40-yzmetkerine-p-ter-kilti-tabys-etildi?fbclid=IwAR0P76KsuOAOW4bTKQsTc_fwWmmJt9daFtY35u_vnqDxyKfOdy_3tX_jsFs