Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кітаптар фестивалі Жұбанов университетінде

Кітаптар фестивалі Жұбанов университетінде

Бүгін Жұбанов университетінің бас ғимаратының ғылыми кітапханасында Кітап фестивалі ұйымдастырылды. Аталмыш шара кітаптың құндылығын дәріптеп, жастардың кітапқа деген қызығушылығын аттыру мақсатында өткізілді. Шара аясында кітапхана кіре берісінде тізіл­ген кітаптар оқырмандарды өз мазмұнымен қызықтырды. Осы бір сәтті сырттан бақылаған кезде әдебиеттің бар жауһарын өн бойына бүккен кітап сынды руханият құралының оқырман үшін бағасы зор екенін аңғарғандай боласыз…

Аталмыш шараға қатысқан университеттің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров саналы қоғамды қа­лып­тастырудағы кітаптың рөлі мен маңызы туралы баяндап, көпшілікті кітап оқуға шақырды.
Жиында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының соңғы 3 жылдағы шығарған кітаптарының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, мұнда барлығы 500-ге жуық монография, оқу құралдары, оқулықтар ұсынылды. Солардың ішінде 22 басылым «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар.

Шараға қатысқан факультет декандары мен профессорлар, соның ішінде Күлзат Садирова, Абат Пангереев, Гүлмира Купенова, Айгүл Сергеева, Гүлжанат Сүлейменова, Асыл Смағұлова, Бауыржан Жүнісов, Төлеген Ботагариев сынды ғалымдар  өз жұмыстары туралы әңгімеледі.

Шараға қатысқан студенттер  жаттығу барысында көбінесе оқулықтар мен оқытушылардың монографияларына жүгінетіндерін жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай келелі кездесулер алдағы уақытта да көптеп болмақ.