Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ағылшын тіліндегі жаңа кітаптар

Ағылшын тіліндегі жаңа кітаптар

2017 жылдың 2 қазанынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасында «Ағылшын тіліндегі жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл кітаптар баспадан үштілділікті дамыту жобасының аясында, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қолдауымен шықты.

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орны Ассоциациясының баспадан шығаруға жоспарлаған 50 оқулықтың алғашқы 18 оқулығын ақпараттық-библиографиялық бөлімнен көре аласыздар.