Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Шетел студенттері университетте

Шетел студенттері университетте

Шыңжаң қаржы-экономикалық университеті мен орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының  әріптестігі нәтижесінде университетіміз жыл сайын Қытай Халық Республикасынан студенттер қабылдайды.

2017-2018 оқу жылында орыс тілін үйрену мақсатында «Халықаралық білім беру» мамандығының екінші және үшінші курс студенттері  келді. Екі университет арасындағы ұзақ мерзімді келісімшарт, халықаралық тілдерге деген қызығушылық, академиялық мобильділік бағдарламасы Қытай елінен келген студенттерге орыс тілді ортаға еніп, орыс грамматикасын тереңінен түсінуге, жаңа достар табуына мүмкіндік береді.