Четверг, Июнь 4, 2020
Басты > Жаңалықтар > «Атамекен» ҰКП өткізген рейтинг қорытындысы

«Атамекен» ҰКП өткізген рейтинг қорытындысы

2019 жылдың 11 желтоқсанында ҚР БжҒМ және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп өткізген ЖОО оқу бағдарламаларының рейтингісі жарияланды https://atameken.kz/kk/services/44-rejting-obrazovatel-nyh-programm-vuzov.

Рейтинг үш кезеңмен өткізілді. Бірінші кезеңде қажетті деректер жинақталды, екінші кезеңде тәуелсіз сарапшылар жинақталған материалдарды бағалап, талдау жүргізді. Соңғы үшінші кезеңде білім бағдарламаларының рейтингісі қалыптастырылды. Рейтинг қалыптастыру барысында келесі критерийлер басшылыққа алынды:

  • түлектердің мансаптық перспективалары;
  • ББ сапасы;
  • білім алушылардың жетістіктері.

Ранжирлеу қорытындысы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 8 білім бағдарламасы жетекші орындарға ие болды. Рейтингтен жоғары балл алған білім бағдарламаларының ұжымын жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!

Рейтингке қатысқан барлық мамандықтардың позициялары келесі кестеде көрсетілген:

ББ атауы көрсеткіші
1 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 23
2 5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 4
3 5В010300-Педагогика және психология 5
4 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу 2
5 5В010900-Математика 1
6 5В011000-Физика 3
7 5В011100-Информатика 5
8 5В011200-Химия 14
9 5В011300-Биология 9
10 5В011400-Тарих 18
11 5В011600-География 10
12 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті 9
13 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі 13
14 5В012000-Кәсіптік оқыту 3
15 5В020500-Филология 10
16 5В020700-Аударма ісі 5
17 5В021000-Шетел филологиясы 2
18 5В030100-Құқықтану 14
19 5В042100-Дизайн 5
20 5В050300-Психология 19
21 5В050600-Экономика 20
22 5В050800-Есеп және аудит 40
23 5В050900-Қаржы 48
24 5В051100-Маркетинг 9
25 5В060100-Математика 3
26 5В060400-Физика 2
27 5В060600-Химия 5
28 5В060700-Биология 12
29 5В060800-Экология 7
30 5В070300-Ақпараттық жүйелер 25
31 5В070400-ЕТжБҚЕ 14
32 5В070700-Тау-кен ісі 8
33 5В070800-Мұнай-газ ісі 8
34 5В070900-Металлургия 3
35 5В071300-Көлік, көлік техникасы және технологиялары 14
36 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы 5
37 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы 4
38 5В072900-Құрылыс 15
39 5В090100-КПжЖҚТҰ 19
40 5В090200-Туризм 22

 

2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда университеттің 26 білім бағдарламасы өздерінің позицияларын жақсартты.

 

Өзгерістерді басқару және білім сапасын бағалау орталығы