Четверг, Июнь 4, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбенің атын аспандатқандар

Ақтөбенің атын аспандатқандар

Әртүрлі салада өңіріміздің даңқын аспандатқан 4 жерлесіміз «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағына лайық деп танылды. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың қырқыншы сессиясында белгілі болды.

Сессия отырысында облыс әкімі аппараты басшысының «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы хабарламасы бірауыздан мақұлданып, шешім шығарылды.

Төрт жерлесіміз «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Олар — тіл мәдениеті және қолданбалы лингвистика мәселелерін зерттеу саласындағы көрнекті  ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Рабиға Сыздықова, белгілі ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе  мемлекеттік өңірлік университеті Әлеуметтік зерттеулер орталығының жетекшісі Амангелді Айталы, әлемдік деңгейдегі жұлдыз Димаш Құдайберген, «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің өңірлік қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Есімхан Құрманғазин.

Аталған атақ өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, қоғамдық қызметте де белсенділік танытқаны үшін беріледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

https://aqtobegazeti.kz/?p=81654