Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құрметті университет ұжымы мен білім алушылар!

Құрметті университет ұжымы мен білім алушылар!

Сіздерді университетіміздің 85 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Мерейтой қарсаңында университет ұжымына батыл идеялар мен жемісті жобалар, шығармашылық табыс тілейміз!

Бүгінде Жұбанов университеті еліміздегі жоғары білім беру мәртебесін көтеруде өзіндік ықпалы бар, тәжірибелі профессорлық-оқытушылық құрамы жасақталып, жергілікті интеллигенция шоғырланған оқу орнына айналды.

Университет білім мен ғылым, инновация триадасы басқаратын постиндустриалды әлемге нық қадам баса алатын бәсекеге қабілетті мамандар дайындау ісімен айналысуда. Отандық ғылымға инновациялық әдістер мен құралдарды, цифрлық технологияларды енгізуді мақсат етіп, осыған бағытталған іс-шараларды жүзеге асырып келеді.

Білім ордамыздың көркейіп, дамуында ұжымның әрбір мүшесінің үлесі бары анық. Әрі қарай да қанатымыз талмай, кемел білім мен ғылым жолына бірге бет алайық!