Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Ақбөбек» түлектерді шақырады

«Ақбөбек» түлектерді шақырады

Жұма күнгі дәстүрлі кездесулер аясында Жұбанов университетінің 4-курс студенттері «Ақбөбек» оңалту орталығының бас директорының орынбасары Шамшрақ Сайлагалиевамен кездесті.

Кездесу барысында Шамшрақ Сайлагалиева 2020 жылдың 1 қыркүйегінде ашылатын «Ақбөбек-Орда» (Ақорда) кешені туралы және мектепке қажетті мамандарға сұраныстың бар екендігін хабарлады.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Химия», «Биология», «Тарих», «География», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Физика», «Информатика» білім беру бағдарламаларының бітіруші курс студенттері жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттармен танысты.

Кездесуде білім алушылар маманға өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып,  сауалнамалар толтырды. Басқосу ашық диалог форматында өтті.