Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жас кәсіпкерлер форумы өтті

Жас кәсіпкерлер форумы өтті

Шаһарда облыстық жас кәсіпкерлер форумы өтті. Бизнес өкілдері өз өнімдерін көрмеге қойып, жаңа жобалар қорғалды. Түрлі бағытта тәлімгерлер дәріс берді. Жас кәсіпкерлер бизнесті дамыту мен туындайтын кедергілерді жою жайында кеңестер алды. Форум аясында бизнестерін енді бастаған жастарға түрлі бағытта тәлімгерлер дәріс оқыды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сі-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің өкілдері бизнесті дамыту, кедергілерді жою мәселелері бойынша кеңес берді. Одан өзге, бүгін «Стартап Файр» инкубациялық бизнес идеялар облыстық байқауы да қорытындыланды. Байқауға мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан. Аудандардан да өз жобаларын ұсынғандар бар. Қ.Жұбанов атындағы балалар университетінің де тәрбиеленушілері жобалар ұсынып, үздік атаныпты. Байқауға қатысқандардың барлығы марапатқа ие болды. 7 номинация бойынша үздіктер анықталды. Әлеуметтік, IT, қоршаған орта, өндірістік салалар бойынша жұмыстар басым.

http://rikatv.kz/kz/news/zhas-k-s-pkerler-fooorumy-tt.html