Понедельник, Апрель 6, 2020
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми семинарда бас қосты

Ғылыми семинарда бас қосты

Жұбанов университеті мен Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының тарих институты арасындағы ынтымақтастық аясында білім беру қызметіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бабир Аминов маман шақырылған болатын.

Қос тараптың ынтымақтастығы аясында шетелдік ғалым  бір ай бойы университеттің «Тарих» мамандығының магистранттарына «Орталық Азия тарихы бойынша жазба деректер» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Семинарда құлпытастардағы жазбалар мен  эпиграфика ескерткіштерінің тарихи деректері қарастырылды. Магистранттармен кездесу барысында шетелдік ғалым ортағасырлық эпиграфика ескерткіштерінің тарихы, тілі, мәдениеті, каллиграфиясы және тарихи тұлғалар өмірін зерттеудің маңызы туралы кеңінен әңгімеледі.

Басқосу барысында  ғалым эпиграфиканың жекелеген мәліметтері тайпалардың,  әулеттердің тарихын зерттеуде басты дерек болып табылатындығы жайында баяндады.

Өткізілген семинардың қорытындысы бойынша, магистранттар барлық қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап алып, өздеріне қажетті жаңашыл ойларды ала білді.