Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов медалі «Жұлдызды түлектерге» тағылды

Жұбанов медалі «Жұлдызды түлектерге» тағылды

Өткен аптада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған «Ақтөбе — құтты мекен» форум аясында университетте Жұлдызды түлектер аллеясы ашылып, студенттермен профессорлық-оқытушылық құрам Жұлдызды түлектермен кездесті.

Аталмыш шара аясында университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы қонаққа келген түлектерді құрмет белгісі ретінде арнайы Жұбанов медалімен марапаттады. Атап өтер болсақ, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары Айгүл Мұқашева, «ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев, Облыстық маслихат депутаты Светлана Айтбаева, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметінің» директор орынбасары Оксана Лоскутоваларға медальді салтанатты түрде табыс етті.