Четверг, Март 28, 2024
Басты > Хабарландырулар > Әдістемелік жобалар байқауы өтеді

Әдістемелік жобалар байқауы өтеді

 

Құрметті әріптестер!

2019-2020 оқу жылының жоспарына сәйкес   оқу-әдістемелік және қашықтықтан білім беру орталығы  әдістемелік жобалар байқауын өткізеді.

 

      Байқаудың мақсаты – оқытушыларды кәсіби шеберлігін жетілдіруге ынталандыру, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау, белсенді оқыту әдістерін оқу процесіне енгізу.

Байқауға университеттің барлық профессорлық–оқытушылық құрамы қатыса алады.

 

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

 1. Ұйымдастыру кезеңі (30.12.2019 — 13.01.2020 ж.) — әдістемелік жобалар байқауына қатысатын оқытушылар портфолиосын (байқау материалдарын) қабылдау және іріктеу. Оқытушылар портфолиосына соңғы бір жылғы жетістіктерін және де сабақ барысында қолданылатын жаңа әдістер, идеялар мен шығармашылық ізденістерін жинақтайды.

2. Қорытынды кезең (29 қаңтар 2020 ж.) іріктелген жұмыстардың презентациясы (таныстырылым) өткізіледі.

Қазылар алқасы байқауды қорытындылау нәтижесін жариялап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер сонымен қатар ынталандыру номинацияларын  анықтайды.

 

Байқаудағы жүлделер саны:

Ең үздік әдістемелік жоба — 2020

 1 орын – 1

 2 орын – 2

 3 орын —  3

 

Байқау нәтижесінде университет ректорының ынталандыру номинациялары мен алғыс хаттары табысталады.

 

     Оқу-әдістемелік және

қашықтықтан білім беру  орталығы