Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Аяз атаға хат: ақтөбеліктердің жаңа жылда күтетін сыйлығы қандай?

Аяз атаға хат: ақтөбеліктердің жаңа жылда күтетін сыйлығы қандай?

Жаңа жылды қанша жерден балалардың мерекесі десек те, әрқайсысымыз әлі күнге дейін осы атаулы күнді үлкен үмітпен күтетініміз рас… Белгілі әнде айтылатындай, «әне-міне бақ қонардай боп», әлдебір ғажайыпты күтіп, тосыннан біреу тарту-таралғы жасайтындай сезімде жүретініміз және бар. Сонысымен-ақ жыл соңындағы мейрам ерекше һәм сиқырға толы шығар?.. Әйтпесе, Аяз атаға хат жазып, арман-тілегін параққа тізіп бергендер арамызда аз емес. Бұл — үлкен-кішіге ортақ «құбылыс».

Біз биыл жарқырай көрініп, өзі еңбек ететін салада елеулі жетістікке жеткен бір топ ақтөбелікті мереке қарсаңында сөзге тартып, төмендегідей сұрақтарды қойғанбыз:

  1. Аяз атаға сендіңіз бе?
  2. Оған хат жазсаңыз, не сұрадыңыз?
  3. Жаңа жыл мерекесінде алған қай сыйлық есіңізде қалды?
  4. Ғайыптан тайып, Аяз ата келе қалса, сізге қандай сый бергенін қалар едіңіз?

Чемпионның қалауы 

Аралас жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бағдат Жұбаныш үшін де осы жыл сәтті болды. Байрақты бәсекелерде топ жарған жас жігіт, бір қызығы, қаршадайынан Аяз атаның жоқтығын білетінін, сәйкесінше одан жарытып сыйлық алмағанын алға тартты.

«Ата-анамыз ақша жинап беріп, өз-өзімізге сыйлық жасағанды есепке алмаймын. Ал ғайыптан тайып, ешкім сыйлық бермепті. Аяз атаға сенбеймін. Алда-жалда Жаңа жылға біреу көлік тарту етсе, қуанып қалар едім…», — деп ағынан жарылды 23 жастағы спортшы.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 3-курсында оқитын палуан Жаңа жылда алдымен баршаға деннің саулығын тілейді.

 

Айбек ТАСҚАЛИЕВ.

https://aqtobegazeti.kz/?p=82040