Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > 2019 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» анықталды

2019 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» анықталды

Жыл сайын еліміздегі ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық және ғылыми шеберлігін саралайтын «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының қорытындысы шығып, 2019 жылдың үздіктері анықталды.

Аталмыш байқаудың үздіктері қатарынан Жұбанов университетінің оқытушылары да көрініп отыр. Атап айтар болсақ, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Тастанова Ләззат Кнашқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  Бахтиярова Гүлшат Рахметжанқызы.

Айта кетейік, байқауға республиканың 81 жоғары оқу орнынан соңғы 10 жыл бойы жеңімпаз болмаған үміткерлерден 471 үміткер қатысқан. Олардың арасында еліміздің 48 жоғары оқу орнынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Сонымен қатар, биылғы жылы оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмысын бағалаудың жаңартылған сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Оның ішінде ағылшын тілінде оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын әзірлеу, кәсіби қызметі бойынша шет тілінде жаппай ашық онлайн курстардан өту және т.б. болуы.   Сондай-ақ, жоспарланған барлық жұмыстардың мониторингін қарастыратын үміткерлердің жұмыстарының жылдық жоспар-кестесі бағаланған.

Бұл атақ жоғары оқу орындарының оқытушыларына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілікті арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Әріптестерімізді құттықтап, жаңа табыстар тілейміз!