Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Абай > Ақтөбелік кітапханалар қоры Абайтану туралы кітаптармен толығады

Ақтөбелік кітапханалар қоры Абайтану туралы кітаптармен толығады

Ақтөбелік кітапханалар қоры Абайтану шығармасымен толығады. Бұған дейін ауылдық жерлердегі білім ошақтарына таратылған туынды оқырманның қызығушылығын туғызған.

Кітап авторы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, абайтанушы Бауыржан Ердембеков. Жоғарғы оқу орыны ұлы ақынның 175 жылдығын атап өтуді өткен жылы бастаған. Биыл Абайдың туған өлкесіне жасалған танымдық экспедиция туралы фильм мен альбом жарық көреді.

Абат Пангереев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі:

— Университетте Абайтану пәні бұрыннан бері жүргізіліп келе жатыр. былтырғы жылы «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Бұрын ол кабинет түрінде ғана болатын. Абайға байланысты ғылыми жобаларға қатысамыз. Одан кейін студенттер, магистранттар, докторанттар осы Абай тақрыбына байланысты диплом жұмыстарын, ғылыми дессертацияларын жазады.

 

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/368435-a-t-belik-kitapkhanalar-abajtanu-turaly-kitaptarmen-toly-ady