Среда, Февраль 19, 2020
Басты > Хабарландырулар > Бос қызметтерге байқау жариялайды

Бос қызметтерге байқау жариялайды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны төмендегі бос қызметтерге байқау жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы

Индексі 030000,

Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 263 үй.

 

Факультет деканы  – 2 (екі) бірлік 
1 Техникалық факультет деканы 1 (бір)
2 Экономика және құқық  факультет деканы 1 (бір)
Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі ) білімі, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс.
Кафедра меңгерушісі -1 (бір) бірлік
1 Мемлекеттік басқару, қаржы  және маркетинг кафедрасы 1 (бір)
Кафедра меңгерушісі біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі (немесе академиялық  дәрежесі)  және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі болуы тиіс.
Кафедра доценті  –  2 (екі) бірлік
1 Металлургия және тау-кен ісі кафедрасы 1
2 Экономика және менеджмент кафедрасы 1
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар:  жоғары білімі, ғылыми атағы,  кемінде аға оқытушы қызметінде — 5 жыл ғылыми-педагогикалық  еңбек өтілі болуы.
Аға оқытушы  -1 (бір)  бірлік
1 Экономика және менеджмент кафедрасы 1 (бір)
Кафедраның аға оқытушысы біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі және оқытушы қызметінде  еңбек өтілі кемінде 5 жыл немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл  немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік  14 ( он төрт ) күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру мекен жайы: Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі,263, кабинет 2, тел: 8 (7132) 55-24-68.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ректорының атына жазылған өтініш; кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы; өмірбаян; жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері; қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары; ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі(болған жағдайда); денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) кітапша немесе № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы   № 907 ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген; ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметттердің болуы не болмауы туралы анықтама; профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 27.04.2015 жылғы 27 №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы; № 272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы; іскерлік бағдарламасы (жетекші лауазымдарына орналасуға ниет білдірген тұлғалар үшін).
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.