Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет экологтары біліктіліктерін арттыруда

Университет экологтары біліктіліктерін арттыруда

Жұбанов университетінде «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» РММ қатысуымен «Өндірістік қызметтегі экологиялық талаптар» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті.

Университеттің Экология кафедрасы аталмыш департаментпен  бірлесіп алғаш рет жер қойнауын пайдалану саласындағы экологтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізді.  Курсқа қатысушылар  қызметкердің біліктілігін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында қарастырылған міндеттерге сәйкес табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік туралы дәрістер тыңдауға мүмкіндік алды.

Оқу нәтижесі бойынша барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді. Курстың жоғары маңыздылығын ескере отырып, келесі курстарды ақпан айында өткізу жоспарлануда.