Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Тарихшылар тартуы

Тарихшылар тартуы

Өңірдегі іргелі оқу ордаларының бірі -Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне биыл-85 жыл. Мерейтойға орай, жоғары оқу орнының ұстаздары да өзгеше челлендж бастады. Бүгін тарихшылар отбасы Бибігүл және Дәулет Әбеновтер университеттің ғылыми кітапхана қорына 85 еңбегін тарту етті. Аталған кітаптардың ішінде, ғылыми айналымға жаңадан енгізілген тарихи деректер негізінде жазылған «Ресей империясының қазақ жерін отарлау тарихы», «Ресей империясының Орынбор өлкесіндегі аймақтық саясаты, «1868 жылғы Әкімшілік реформаның Орынбор өлкесінде енгізілуі» атты монографиялар және Орынбор облыстық және еліміздің мемлекеттік архиві қорлары негізінде жарық көрген құнды ғылыми жинақтар бар. Сонымен қатар студенттер мен магистранттарға таптырмас құнды дүние болып саналатын , бұрын-соңды баспадан шықпаған Әбілхайыр ханның ұрпағы Бақытжан Қаратаевтың қолжазбасы кітапхана қорына тапсырылды. Ғалымдар тағылымды эстафетаны жоғары оқу орнының өзге де педагогтарына жолдады.

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/tarihshylar-tartuy