Четверг, Июнь 4, 2020
Басты > Жаңалықтар > Тарихшы студенттер халықаралық көрмеге қатысты

Тарихшы студенттер халықаралық көрмеге қатысты

Жұбанов университетінің Тарих факультетінің студенттері «Арқайым — қалалар елі: кеӊістік пен бейнелер» атты халықаралық фотокөрмесінің ашылуына қатысты.
Көрме қола дәуірінің әлемге әйгілі Арқайым ескерткішінің ашылуының 30 жылдығына, «Сынташты» мәдени-тарихи кешенінің зерттеле бастауының 45 жылдығына және әлемге қалалар елін ашқан археолог, профессор Г.Б.Здановичтің 80 жылдық мерейтойына орай  ұйымдастырылды.
Фотокөрмеде бекініс жалдары, үй құрылысы, ежелгі шеберханалар, жерлеу рәсімдері мен құрбандық шалу, тұрмыстық заттар, оныӊ ішінде қыш ыдыстар, тастан, сүйектен жасалған бұйымдар, мыс және күшәлалы қоладан құйылған жонғыштар, пышақтар, біздер мен алуан түрлі әшекейлерді қамтитын ерекше  мәліметтер қойылған. Сонымен бірге онда  «Арқайым. Оңтүстік Орал аймағының мәдени және рухани кеңістігі» атты 30 минуттық деректі фильм көрсетілді.
Фотокөрменіӊ ашылуына Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясыныӊ мүшесі және «Арарат» Халықаралық академиясыныӊ корреспондент-мүшесі Ирина Журавлева, «Арарат» Халықаралық академиясыныӊ корреспондент-мүшесі Юрий Зуйков қатысты.