Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > 6 Қазан – Есепшілер күні

6 Қазан – Есепшілер күні

6 қазанда Қазақстанда бейресми түрде Есепшілер күні аталып өтеді. Бұл күнді тойлау кеңес заманынан келе жатқан дәстүр. Есепшінің жұмысы мұқияттылық пен дәлдікті талап етеді. Себебі, олардың қолында жәй ғана сандар емес, білдей кәсіпорындардың тұрақты жұмысы мен адамдардың тағдыры.

Бухгалтер мамандығы – Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі ең жоғары құзыретті, құрметті әрі талап етілген мамандықтарының бірі. Шағын жеке кәсіпорыннан бастап, ұлттық холдингтер мен мемлекеттік құрылымдарға дейінгі кез келген компания үшін бухгалтерлердің қызметі аса қажет. Бухгалтерлер есеп, қаржы және материалдық-техникалық құндылықтар бақылауы сияқты біздің университетіміздің тіршілік әрекетінің маңызды деген саласы үшін жауап береді.

Бұл күрделі, әрі қызықты кәсіп түріне қатысы бар осы сала иелерін құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болсын!!!