Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Филология факультеті «Университеттің 85 жылдығына 85 кітап» эстафетасын қолдады

Филология факультеті «Университеттің 85 жылдығына 85 кітап» эстафетасын қолдады

Бүгін Жұбанов университетінің филология факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы кітапхана қорына монографиялар мен оқу құралдарын  сыйға тартты.

Авторлардың айтуынша, тапсырылған кітаптардың барлығы дерлік филолог мамандардың білім бағдарламасы мазмұнын сапалы игертуге арналған. Шара барысында филология факультетінің 1935 жылдан бергі тарихы туралы мұрағат құжатынан алынған мәліметтер  де айтылды.

Университеттің ғылыми кітапханасына 12 монография (авторлары: Ә.Молдаханов, К.Садирова, С.Исакова, А.Пангереев, Ж.Тектіғұл, Б.Құрманова, Б.Керімбаева, Г.Кушкарова, Б.Қарағұлова,  А.Көшкімбаева, С.Бермағанбет, А.Айтбенбетова), 16 оқу құралы, оқу-әдістемелік құралдар мен көмекші оқу құралдары бар. Олардың ішінде жаңартылған білім бағдарламасы мен мектеп оқушыларын оқытуға арналған №21 үш тілді тереңдетіп оқытатын мектеп мұғалімдерімен бірлесіп дайындалған оқу-әдістемелік кітаптар, халықаралық әріптес жоғары оқу орындарындағы профессорлармен бірігіп дайындалған ұжымдық монографиялар да бар.

Жиынға қатысқан құрылымдық бөлім  басшылары, ғалымдар, оқытушылар және магистранттар идеяның бастамашысы Дәулет Абеновке алғысын білдірді және эстафетаны физика-математика факультетінде жалғастыруды ұсынды.