Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттердің шығармашылық тақтасы

Студенттердің шығармашылық тақтасы

Жақын арада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Бас ғимаратының холында арнайы шаралар мен құттықтаулар үшін Көркем шығармашылық тақта ілінген болатын.

 

Университеттің Кәсіби-шығармашылық факультетінің «Бейнелеу өнері және сызу» және «Дизайн» мамандығының  бірінші курс студенттері  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ақтөбе  — құтты мекен» форумы, «Ұстаздар күні»,  «Темекіні тәттіге ауыстыр», «18 қазан — Рухани келісім күні» тақырыптарына  орай өздерінің шығармашылық туындыларын танытып та үлгерді.

Алдағы уақытта да Көркем шығармашылық тақтада студенттерімізді шебер туындылары бейнеленетін болады.