Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Облыстық әдістемелік семинар

Облыстық әдістемелік семинар

Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында университеттің жоспарына сәйкес  «Тарих және география пәндерін оқытуда білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасау және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Әдістемелік семинар білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасау және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының «оқушы – студент – магистрант – оқытушы» сатылары бойынша тәжірибесімен  алмасу  мақсатында өткізілді.

Семинарға қалалық білім бөлімінің басшысы, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының әдіскерлері, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері қатысты. Семинар жұмысы  «Зерттеу жұмыстарының бастамасы-мектеп», «Университет-болашақ маманды қалыптастыру ортасы»,  «Зерттеу дағдыларын қалыптастыру шеберханасы» атты үш бағыт бойынша жүргізілді.

Бірінші бағыт бойынша облыс аудандары мен қала мектептерінің тарих және география пәндерінің мұғалімдері өз тәжірибелерін  ортаға салса,  ал «Университет-болашақ маманды қалыптастыру ортасы» бағыты бойынша білім алушылар мен магистранттар шетелдік және отандық білім берудің ерекшеліктері туралы ой бөлісті.   Семинардың үшінші бағыты  бойынша  оқытушылар, магистр Гүлдариға Симуханова мен Айдана Құлманова шеберлік сағаттары мен коучингтер өткізді.

Әдістемелік семинарға тақырып бойынша ұсынылған жұмыстар мен жобалар қатысушылар тарапынан қызу талқыланды. Семинар соңында қатысушылар нақты мәселелер бойынша көзқарастары мен ұсыныстарын ортаға салып, тың иедяларымен бөлісті.