Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде студенттер волонтерлік қызметті үйренді

Ақтөбеде студенттер волонтерлік қызметті үйренді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат — Ақтөбе гумманитарлық колледжінің студенттері ерікті болудың қыр-сырын үйренді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Leader-Q» қоғамдық бірлестігі колледж студенттеріне парасаттылық пен адалдық қағидаларын насихаттау, кәсіби волонтерлық қызмет туралы түсінік жұмыстарын жүргізу, волонтерлық топтарға жүйелі әдістемелік бағыт-бағдар беру, өңіріміздегі жастардың белсенділігін арттыру, қоғамға адал қызмет етуге шақыруға бағытталған «BIZ BIRGEMIZ» атты студенттермен кездесу кешін өткізді.

Жастардың басқосуына арнайы шақыртылған колледж түлектері, ұстаздар қауымы, Қ. Жұбанов атындағы университет студенттері, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ерікті – жастары қатысты. Кездесудің негізі мақсаты — жастардың қоғамдағы рөлін арттыру, белсенді болуға, қоғамға қызмет етуге тәрбиелеу. Басты мақсат – жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, дұрыс бағдар беру.

«Кездесуге келген спикерлер әртүрлі бағытта ой қозғады. Ақтөбе облысы бойынша волонтерлық қызметті жүзеге асырып жатқан ұйымдар мен негізгі бағыттары туралы, жемқорлықтың алдын – алуға бағытталған жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар, спикер өз сөзінде еліміздің болашағы жастардың қолында, осы орайда замандастарды әрдайым ізденіс жолында болуға және парасатты әрі адал қоғамды бірге қалыптастыруға шақырды. Кездесу барысында БҰҰ негізгі гуманитарлық-медициналық бөлімі болып табылатын «Қызыл Ай Қоғамы» жұмыстары туралы Дияров Ералхан, сонымен қатар жастарға қалай баспаналы болуға болады және оның жолдары мен бағдарламалар жайлы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің маманы Мақсат Заитов кеңес берді. Кеш соңыңда «Leader-Q» ЖҚБ төрағасы Ромат Мукашев қоғамдық бірлестіктің ең белсенді мүшелеріне куәлік табыстады«, — деп хабарлады «Ақтөбе — адалдық алаңы« жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

Ашық алаң орнатқан жастар көптеген маңызды ақпараттар алып, қатысушыларға сауалдарын жолдап, келген қонақтарға алғыстарын білдірді.

Алтынай Сағындықова

https://www.kazinform.kz/kz/aktobede-studentter-volonterlik-kyzmetti-uyrendi_a3610705