Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Волейболдан ректордың кубогі үшін туринир басталды

Волейболдан ректордың кубогі үшін туринир басталды

Бүгін Жұбанов университетінің 85 жылдығына орай студенттер (ерлер) арасында Республикалық  ашық турнир басталды.

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Орал, Қостанай, Ақтөбе және басқа да қалалардан 12 команда қатысады. Мұнда Қазақстанның әр облысынан келген жас спортшылар волейболдан ректор кубогына таласады.
Өткен жылы Жұбанов университетінің Жоғары колледжі облыстық спартакиада ұйымдастырған болатын.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир жоғарғы деңгейде өтті.
Сондықтан биыл спорттық шараның ауқымын кеңейтіп, республиканың басқа қалаларынан да командаларды шақыруды жөн көрдік. Негізгі мақсат — дене шынықтыру және спорт саласын дамытып, студенттерді спортпен шұғылдануға ынталандыру, — дейді, ұйымдастырушылар.


Спорттық шараның ашылуына арнайы қатысқан белгілі спортшы, бокстан әлем чемпионы, Жұбанов университетінің түлегі Галиб Джафаров университеттің 85 жылдық мерейтойымен құттықтап, турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, жарыс 28 ақпанға дейін жалғасады.