Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Интерактивті түрдегі үздік ашық сабақ» байқауы қорытындыланды

«Интерактивті түрдегі үздік ашық сабақ» байқауы қорытындыланды

Жұбанов университетінде Үздіксіз білім беру институтының Біліктілікті арттыру орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін «Интерактивті түрдегі үздік ашық сабақ» атты байқауын аяқтады. Бес  жыл қатарынан өткізілген  байқау университеттің 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Аталмыш байқау  университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын инновациялық білім беру қызметіне ынталандыру, интерактивті оқыту әдістері мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кәсіби қызметінде белсенді қолданып жүрген оқытушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқауға 6 факультеттен 29 оқытушы қатысты (физика-математика, тарих, филология, жаратылыстану факультеті, педагогикалық, кәсіби-шығармашылық, экономика және құқық факультеті). Биылғы жылы байқауға  қатысушылар санының оң динамикасымен ғана емес (өткен жылмен салыстырғанда қатысушылар саны 10 оқытушыға көп болды), сонымен қатар өткізілетін конкурстық сабақтардың жоғары сапасымен де ерекшеленді.

Қазылар алқасының мүшелері бекітілген кестеге сәйкес профессорлық-оқытушылық құрамның ашық сабақтарына қатысты.

Байқау қорытындысында   «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы Жайдарман Ғанибаева 1 орынға,  «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы  Нұрзия Кенжебекова мен  «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Кенжегүл Баешева 2 орынға, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Зейбель Виктор, «Қазақ әдебиеті» кафедрасының  оқытушы Гаухар Джубанова 3 орынға ие болды.

Сонымен қатар байқауға қатысушылар «Үздік ойын технологиясын ұйымдастырушы», «Студенттермен «субъект-субъект» ынтымақтастығын қалыптастыру», «Студенттердің топтық жұмысын шебер ұйымдастырушы» және басқа да номинациялар бойынша марапатталды.