Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бітіруші түлектер кәсіби сертификаттаудан өтті

Бітіруші түлектер кәсіби сертификаттаудан өтті

Жұбанов университеттің Үздіксіз білім беру институты Қазақстандық туристік қауымдастықтың (ҚТА) жанындағы Қонақжайлылық индустриясының сертификаттау орталығымен, қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығымен (КАГиР) бірлесіп менеджмент, маркетинг, география және туризм мамандықтары бойынша студенттерге кәсіби сертификаттау жүргізді.

2017-2018 оқу жылынан бастап Жұбанов университетінде жоғары біліммен қатар студенттерді кәсіби аттестаттау жыл сайын өткізіліп тұрады. Университет студенттері тек техникалық жұмыс мамандықтары бойынша ғана емес, сонымен қатар аудармашы,  менеджер, маркетолог сияқты мамандықтар бойынша да кәсіби сертификациядан өтеді.

Кәсіби сертификаттау жұмыс берушілерге студенттердің өз мамандықтарына адал және тыңғылықты дайындалғанын көрсетеді. Мұндай сертификаттың болуы жұмыс берушілерге университет түлектерінің біліктілігі кәсіби ұйыммен бағаланып, мақұлданғанын дәлелдейді.Сертификаттау студенттерді жұмыс берушілер үшін аса құнды етеді, сондықтан студенттердің кәсіби сертификаттауға деген қажеттілігі жылдан-жылға артып келеді. «Қонақжайлылық индустриясының сертификациялық орталығы» ЖШС 2018-2019 оқу жылында 27 студентті, ал осы оқу жылында Жұбанов университетінің 45 түлегін сертификаттады.