Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Байқау жеңімпаздарымен кездесті

Байқау жеңімпаздарымен кездесті

Жұбанов университетінде дарынды,  өнерлі, талантты жастарға құрмет көрсету дәстүрге айналған.
 Бүгін университет ректоры  Бауыржан Ердембеков  жуырда Нұр-Сұлтан қаласында «Астана гранд festival» ІҮ  халықаралық конкурс-фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған студенттер хорының мүшелерімен кездесті.
Кездесуде оқу орнының басшысы студенттер мен хор жетекшісі Мербол Құспановты жеңісімен құттықтап, оларға алдағы уақытта да сәттілік тіледі.
Университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков өз сөзінде Жұбанов университеті өзінің таланттарын қолдауға дайын екенін тілге тиек етті.
Студенттерден құралған хор тобы тек облыстық жарыстарда ғана емес, республикалық деңгейдегі ұйымдастырылған байқауларда да жүлделі орынға ие болып жүр.Оларға облыстық филармония жанындағы қазақ камералық хорының көркемдік жетекшісі  Мербол Құспанов жетекшілік етеді.
Мербол Құспановтың  айтуынша, оның жетекші ретіндегі міндеті — дарынды студенттердің әлеуетін ашу, олардың республикалық және халықаралық жақсы нәтиже көрсетуге дайындау.
Хор жетекшісі  кездесуде «Қазақстандық хор дирижерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің  Жұбанов университетінің студенттік хоры туралы оң пікірі  мен алдағы  жоспарлары туралы баяндады.
Кездесу соңында  хакім Абайдың 175 жылдығы және Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына атсалысу сынды өзекті мәселелер қозғалды.