Пятница, Март 29, 2024
Басты > Абай > Абай мұрасы ХХІ ғасыр көгінде

Абай мұрасы ХХІ ғасыр көгінде

Жұбанов университетінде  Абайдың 175 жылдығына орай  «Абайтану және ұлттық руханият» орталығының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ғылыми хатшысы Раушан Елекенованың қатысуымен «Абай мұрасы ХХІ ғасыр көгінде»  тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Жиынға университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, ғылым және инновация департаментінің басшысы Берікхан Иісбек, «Абайтану және ұлттық руханият» ҒЗО жетекшісі, профессор Абат Пангереев және ғылыми қызметкерлер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында өңірімізге Абайдың туған өлкесінен, Жидей-Бөрілі қорық-музейінің жылжымалы көрмесінің келу мақсаты, музейде сақталған экспонаттардың Абай өмірінен сыр шерту мәселесі және Абайдың шығармашылық мұрасын тану мәселелері кеңінен талқыланды.

Филология факультеті