Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми кеңестегі кезекті марапаттаулар

Ғылыми кеңестегі кезекті марапаттаулар

Ғылыми кеңестің кезекті отырысында  ректор Бауыржан Ердембеков  2019 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының үздіктерін құттықтап, марапаттады.

Аталмыш байқауда Жұбанов университетінің химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Тастанова мен педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  Гүлшат Бахтиярова үздіктері қатарынан көрінген болатын.

Айта кетейік, байқауға республиканың 81 жоғары оқу орнынан соңғы 10 жыл бойы жеңімпаз болмаған үміткерлерден 471 үміткер қатысқан. Олардың арасында еліміздің 48 жоғары оқу орнынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін жеңістерімен құттықтап, білім және ғылым саласында табыстар тілейміз!