Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Мәртөк ауданы жастарды шақырады

Мәртөк ауданы жастарды шақырады

Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлы биылғы түлектерді ауылға қызмет етуге шақырып жатыр. Бүгін ол Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің алаңында қаладағы ЖОО-дары мен колледждерінің соңғы курстарында оқып жатқан студенттермен кездесті. Залды толтырып отырған бұл жастар 3-4 айдан кейін қолдарына диплом алады. Барлығының да мақсаты бірден жұмысқа орналасып кету. Сондықтан бүгінгідей кездесулерді қалт жібермесі анық. Ал бүгінгі жиын Мәртөк ауданының әкімі Ермек Кенжеханұлының сұрауымен өтті. Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің басшылығы болса, облыстағы іргелі білім ордасы ретінде өз алаңында өзге ЖОО-ы мен колледждерді биыл тәмамдайтын қыз-жігіттердің басын қосты. Мәртөк ауданының әкімі жастарды ауылға жұмысқа шақыра келген. Ермек Кенжеханұлының өзі «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ұлыбритания, Корея мемлекеттерінде білім алса да, ауылға қызмет етуден тартынбаған азаматтардың бірі. Мәртөк ауданына қазір 24 мұғалім керек. Физика-математика, ағылшын тілі пәндерінің ұстаздары тапшы. Сондай-ақ, мектептерге психологтар керек. Аудан әкімінің сөзінше, Мәртөкте қазір орташа жалақы 130 мың теңге. Ал мұғалімдердің жалақысы 160-200 мың теңгеге дейін жетеді. Ауданға сондай-ақ, дәрігерлер де қажет. Бүгінгі жиынға денсаулық сақтау бөлімінің басшысы да қатысып, М. Оспанов атындағы БҚМУ-нің биылғы түлектерімен жүздесті.

http://www.rikatv.kz/kz/news/m-rt-k-audany-zhastardy-sha-yrady.html